Алматыда Gakku Дауысының мерейтойына 200 мың адам жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отандық музыканың ең ауқымды фестивалін Gakku TV және Youtube-тағы Gakku арнасы тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кapital.kz-ке сілтеме жасап.

Бесінші рет өткен Gakku Дауысы фестиваліне қазақстандық эстрада жұлдыздарының барлығы қатысып, тірі дауыста ән шырқады. Биыл 6 сағатқа созылған  музыкалық марафонға Алматыдағы Ескі алаңда 200 мың адам жиналды.

null «Gakku Дауысы-2018» Қазақстан музыкасының фестивалі Алматы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жаңа әншілер, танымал жұлдыздар мен ерекше дуэттер бір сахнада ән шырқады. Фестивальдің бағдарламасына 65 әртіс пен ұжым, 30 биші қатысты. Көрермендер 85 музыкалық нөмірді тамашалады. Шоуды Алуа Қонарова, Баян Алагөзова, Тимур Балымбетов пен Нұржан Еркінұлы жүргізді.

Ерке Есмахан, Ninetyone тобы, Ziruza, Дильназ Ахмадиева, Жанар Дұғалова, Данелия Төлешова өздерінің үздік әндерін шырқады.

Жанды музыка фестивалінде ешқандай тосын оқиға болған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған қауесеттерді ТЖК жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар