Алматыда «Gakku дауысы» фестивалі өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 қыркүйек күні «Gakku дауысы» VI қазақстандық эстрада фестивалі «Астана» алаңында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Gakku дауысы» - бұл жыл сайынғы қазақстандық музыка фестивалі.

«Gakku» телеарнасы ұйымдастыратын концерт ең танымал әншілердің басын қосады. Алдыңғы буынның жарық жұлдыздары мен түрлі жанрдағы жас музыка өкілдері бір сахнада өнер көрсетеді.

Фестивальдің басты мақсаты - жастар арасында отансүйгіштікті насихаттау.

Өткен жылы, бесінші мерейтойлық концертті тамашалауға 200 мыңдай адам жиналды. Сондай-ақ, «Gakku» телеарнасы мен YouTube-тегі тікелей эфир арқылы концертті еліміздің түкпір-түкпіріндегі әнсүйер қауым көріп шықты.


Соңғы жаңалықтар