Алматыда футгольфтан алғаш рет халықаралық турнир өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «АРИАЛ» гольф-клубы аумағында мамырдың 18-і күні футгольфтан алғашқы xалықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Қазақстанның және Ресейдің футгольф федерациясы.

Аталған жарыс осы спорт түрін дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен спорт саласындағы xалықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, соңғы уақытта футгольф әлем бойынша кеңінен таныла түсті. Аталмыш спорт түрінен ең алғашқы турнир 2009 жылы Нидерланды мемлекетінде өткізілді. Бүгінде бұл әлем бойынша қарқынды дасып келе жатқан спорт түрі.

IFGA немесе Халықаралық футгольф Ассоциациясы 2009 жылы құрылды.

FIFG - Халықаралық футгольф федерациясы 2012 жылы құрылып, ол осы сорт түрінің басқарушы ұйымы болып танылды.

Бүгінде 25 ел FIFG мүшесі. Германия, Швеция, Данияда сертификатталған футгольф алаңдарының саны 70-тен асады.

«Жаңа спорт түрін бұдан әрі де танымал ету мақсатында Қазақстан мен Ресей арасында халықаралық турнир ұйымдастыру ұсынылды»,-делінген Қазақстан футгольф федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Турнирге Қазақстан мен Ресей Федерациясының спортшылары қатысады.

Жарыс STROKE PLAY (соққы есебінен) форматында өтеді. Турнирдің ұйымдастырушылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар тігіп отыр.

Соңғы жаңалықтар