Алматыда футбол жанкүйерлері жанжал шығарды

None
Видеодан алынған кадр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық стадионда өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчы жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбадан тәртіп сақшылары футбол жанкүйерлерін ұстап жатқаны көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті алдыңғы саптағы бөлімшелер мен полицияның біріктірілген жасақтарының қызметкерлері қамтамасыз еткенін мәлімдеді.

«2023 жылдың 14 мамырында Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтары арасында матч өтті. Командаларын қолдауға 17 мың адам келді. Матчтар арасындағы үзілісте стадион сыртында төрт жанкүйердің қатысуымен жанжал шықты.Қақтығысты полиция қызметкерлері тоқтатты.

Оқиғаға қатысушылар Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді.Тараптардың бір-біріне қоятын талаптары жоқ. Командалардың жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізіліп, кейін олар босатылды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік алматылық «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбе» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Еске салайық, осыдан екі ай бұрын Алматыда 14 наурыз күні «Қайрат» пен «Каспий» арасындағы футбол матчы төбелеспен аяқталған болатын.


Соңғы жаңалықтар