Алматыда футбол жанкүйері төртінші қабаттан секіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда футбол жанкүйері төртінші қабаттан секіріп кетті. Қазір полиция жігіттің неге осындай қадамға барғанын анықтауда.

Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

Тергеу материалдарына сәйкес, ӘЧ финалын тамашалап отырған үш жігіт өзара дауласып қалған. Соңынан Аргентинаның жанкүйері өзінің сүйікті командасы жеңіліп қалған соң, терезеден секіріп кеткен. Алайда, бұл тергеудің бір нұсқасы ғана. Оның әрекетіне басқа да мәселелер себеп болуы мүмкін.

«Бөтелкелестердің бірі өзара туындаған даудың арты жанжалға ұласқандығын айтып отыр. Содан кейін ол жігіт өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдайды. Оған нақты не себеп болды айта алмаймыз. Ол тексерілу үстінде», - деді Салтанат Әзірбек.

Жігіт қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Соңғы жаңалықтар