+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Алматыда «Фудмастер» компаниясының 3 күндік өнімі өртеніп кетті

2018 жылғы 28 маусым 16:48
Бөлісіңіз:
Алматыда «Фудмастер» компаниясының 3 күндік өнімі өртеніп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қайрат шағын ауданында болған алапат өртте «Фудмастер» компаниясының 3 күндік өнімі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сүт өндіру компаниясы өкілі Аида Сапарғазинованың айтуынша, тілсіз жау қаладағы нүктелерге жеткізілуі тиіс 3 күндік өнімді зым-зия етті.

«Сүт өнімдері түгел жанып кетті десек болады. Қазір шығын көлемін есептеп жатырмыз. Үш күн шамасында тауарларымыздың жеткізу кестесі бұзылады. Бірақ, компания басқа зауыттарға жүктемені ұлғайтпақ. Осы арқылы компания дүкен сөрелеріне жеткізілетін өнімді қамтамасыз етпек», -деді «ФудМастер» АҚ басқарма төрайымы Аида Сапарғазинова.
null

Сонымен қатар, компания өкілдері төтенше жағдайдың тұтынушыларға әсері болмайы деп сендірді.

Қойма кешенінің директоры Олег Чарлиннің айтуынша, қоймалардың бірінде дәнекерлеу жұмыстары жүрген. Алдын ала ақпарат бойынша өрт 7-қоймадан басталған.

«Сол жерде өндіріс орны болған. Түнгі уақытта дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді ме жоқ па соны анықтап жатырмыз. Мұнда өрт дабылы, өрт сөндіру жүйесі жұмыс жасайды. Кәсіпкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық шаралар қабылданған», - деді қойма кешенінің директоры.

Еске сала кетсек, төтенше жағдай бүгін таңға жуық болған.

Өрттен ешкім зардап шекпеді.
nullnull

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT