Алматыда фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне волонтерлер тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 28 ақпанда басталатын фристайлдан Әлем кубогы кезеңдеріне ең белсенді волонтерлер тартылатын болады. Бұл туралы бүгін «Сұңқар» шаңғы трамплинінде өткен баспасөз мәслихаы барысында ҚР Шаңғы спорты қауымдастығының бас хатшысы Асқар Уәлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 ақпанда - Mountain Ski Resort Oi-Qaragai Lesnaya Skazka курортында фристайлдың шаңғы акробатикасы түрі бойынша, ал 1 наурызда «Шымбұлақ» тау курортында могулдан сайыстар басталады.

«Биыл Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланды. Бізде Алматыдағы 9-10 жоғары оқу орындарынан волонтерлер жиналады. Осы жастардың жартысы былтыр Шымбұлақта өткен фристайл-могулдан сайыста волонтер болған. Жастардың барлығы тестілеуден өтті. Біз ең белсенді деген 70 энтузиасты таңдап алдық. Олардың барлығы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етілді. Нысандармен толық танысты. Қазір қонақүйлерде, кездесулерде белсенді жұмыс жасап жатыр», - деді Асқар Уәлиев.

Бұдан бұрын қауымдастық өкілі коронвирустың таралуына байланысты спортшыларды шақыруда қандай талап қойылғанын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар