Алматыда франкофон әнінен байқау өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорында франкофон әнінен байқау өтті.

Мәдени шара осымен 10-жыл қатарынан Қазақстанда аталып өтетін Франкофония мейрамы аясында ұйымдастырылды.

Биылғы байқауды Қазақстандағы Франция елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық бөлімі Француз альянсы желісі мен Қазақстандық француз тілінің оқытушылары қауымдастығы қолдады.

Қатысушылар француздың Je suis malade т.б. классикалық әндерінен бастап, заманауи әндерді орындады.

Франция елшілігінің мәдениет саласындағы мамандарынан құрылған қазылар алқасы Әсем Абдықасымованы жеңімпаз деп таныды. Бойжеткен Францияға жолдама ұтып алды. Француз тілін үйреніп жүргендер арасында Нәлібаева Лаура жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, франкофония мейрамы  француз тілінде сөйлейтін адамдар арасында әлемнің 77 елінде тойланады. Олар француз мәдениеті мен өнеріне құрмет көрсетеді. 2008  жылы бұл байқау Қазақстанда ұлттық статус алып, Астана, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Шымкент, Өскемен қалаларында өтіп келеді.

null null null  

Соңғы жаңалықтар