Алматыда француз тілінде тәлім беретін мектеп пен балабақша ашылуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Франция парламентінің делегациясын қабылдады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала басшысы «Франция - Орталық Азия» тобының төрағасы, Франция Сенатының депутаты Андре Дюлэмен кездесті.

Шаһар әкімі Алматының Франциямен байланысы мығым екендігін айтып өтті.

Айталық, былтыр қала мен мемлекет арасындағы сауда айналымы 27%-ға артты. Алматыда 30 біріккен кәсіпорын мен француз капиталының қатысуымен 85 кәсіпорын жұмыс жасауда.

«Сондай-ақ, білім беру саласында да екіжақты әріптестік орнаған. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жанынан «Сарбонна-Қазақстан» институты ашылды. Бұл қазақстандық студенттерге сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Қаламыздағы халықаралық колледж жанынан француз мектебі ашылып жатыр. Сондай-ақ, француз тілінде тәлім беретін мектеп пен балабақшаның ашылуын да қолдап отырмыз», - деді қала басшысы.

Ахметжан Есімов Алматы үшін Францияның туризм саласындағы мол тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырып отырғанын айтты.

Өз кезегінде шетелдік қонақтар Алматының туризм тұрғысынан келгенде болашағы жарқын екендігін жеткізді.

«Француз компаниялары туризм саласында тәжірибе алмасуға дайын. Біз Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізуге үміткер болып отырғанын білеміз. Тұрақты ішкі саяси жағдай мен қайталанбас тұмса табиғатының арқасында Алматының додада жеңімпаз атануға барлық мүмкіндігі бар», - деді А.Дюлэ.

Соңғы жаңалықтар