Алматыда «Форсаж» ұйымдастырғандар бұзақылық жасағаны үшін де айыпталып отыр - қалалық ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Форсаж» ұйымдастырғандар бұзақылық жасағаны үшін де айыпталып отыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция «Lexus IS» тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен «Мицубиси Лансер» тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганның әрекетінен бұзақылық белгілерінің көрініс бергенін алға тартып, ҚР ӘҚбК 434 бабы бойынша да хаттама толтырды. Өндірістік іс Медеу аудандық ІІБ қарауына жіберілді. Айта кету керек, Алматыда бірнеше көлік әл-Фараби көшесінің бойында тұтас жолды бітеп, «форсаж» ұйымдастырған болатын. Кейін белгілі болғандай, олар той кортежінің қатысушылары болып шықты. Жол бойындағы «дрифт-шоу» бейнекамераға түсіп қалған. Қалалық полиция көлік қозғалысына кедергі келтірген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы Құрбанов Тамаз бен 23 жастағы Мамедов Афган әкімшілік кодекстің 7-бабы бойынша айыпқа тартылды. «Lexus IS» тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз ҚР ӘҚбК 606-бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590 -бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу) бойынша жауап беретін болады. Ал «Мицубиси Лансер» тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганға қатысты әкімшілік полиция басқармасымен 4-бап бойынша: ҚР ӘҚбК 606 бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу), 601-бабының 1-тармағы (жол белгілеріне назар аудармау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды .Сондай-ақ, ашық жолды әдейі бітеп, қасақана жылдамдықты азайтқан той кортежінің тағы үш көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру) хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар