USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерге айыппұл салынды (ВИДЕО)

2015 жылғы 28 қыркүйек 22:07
Бөлісіңіз:
Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерге айыппұл салынды (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда əл-Фараби даңғылында Форсаж шоуын ұйымдастырған «Лексус» пен «Мицубиси» жүргізушілері ұсталды. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Біріншіден, олар жолдағы өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Екіншіден, қаланың басты көшелерінде жол қозғалысын қиындатты. Бейнероликтегі құқық бұзушылыққа бей-жай қарай алмадық. Бірнеше сағат ішінде жүргізушілердің кім екендігі анықталды. Екеуі де бөлімшеде өздерінің əрекетіне түсініктеме беріп жатыр. Əкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 бап: апатты жағдай тудыру мен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік тізгіндегені үшін айыпталады. Бұл əрекеті үшін олар 15 АЕК көлемде айыппұл төлеуі тиіс», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Жандос Мұраталиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық ІІД әл-Фараби даңғылында «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерді іздестіріп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Әл-фараби бойындағы автобәйге видеосы @ztb_kz в Инстаграм аккаунтында жарияланды. Постқа өз жазбаларын қалдырған көпшілік жүргізушілердің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT