USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілер іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

2015 жылғы 28 қыркүйек 15:21
Бөлісіңіз:
Алматыда «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілер іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық ІІД әл-Фараби даңғылында «Форсаж» ұйымдастырған жүргізушілерді іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты.

Әл-фараби бойындағы автобәйге видеосы @ztb_kz в Инстаграм аккаунтында жарияланды.

Постқа өз жазбаларын қалдырған көпшілік жүргізушілердің бұл әрекетіне наразылығын білдірген.

Қазір бұл деректі ІІД тексеріп жатыр.

«Адам өмірі мен денсаулығына кесірін тигізуі ықтимал жол ережесін бұзу дерегі орын алған. Әкімшілік полиция басқармасының басшылығымен қазір Алматыда тексеру басталды. Кінәлі адамдар ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді С.Әзірбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT