Алматыда флористер байқауының жеңімпазы анықталды - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы жұртшылығы күннің басты мәдени мерекесі - IV «Алматы - Гүл қала» гүл фестивалін тамашалады. Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, мәдени мерекеге 100 мыңнан астам адам қатысқан.

Биылғы флористикалық мереке «той маусымы» тақырыбында өтті. Қазақстан мен Ресей, Украина және Қырғызстанның 10 өкілі кәсібилер номинациясында «ең үздік» атағын жеңіп алу үшін бақ сынасқан болатын. Байқауда алматылық флорист Оксана Ханның жұмысы үздік деп танылды.

«Жылдан жылға фестивальдің географиялық шекарасы кеңейіп келеді. Биыл мұнда Ресей, Украина, Франция, Голландия және өзге де елдердің флористері келді. Қазір қаладағы гүлзарлардың аумағы 200 мың шаршы метрді алып отыр. Сол үшін Алматы «гүл қала» атағына лайық деп сеніммен айта аламыз. Фестиваль тек гүлдер көрмесі ғана емес, алматылықтар үшін думанды мерекеге айналды», - деді қала басшысы Ахметжан Есімов. Алматылықтар күндізгі сағат 12-ден бері 90 компанияның өкілдері қатысқан гүлдер көрмесін, гүлден жасалған кілемді тамашалады. Кішкентай келушілер де назардан тыс қалған жоқ. Оларға арнап қуыршақ театрының, цирк өнерінің қойылымдары ұйымдастырылды. Алматылықтар мен қонақтар тақырыпқа сай викториналық байқауларға қатысып, жүлделерге ие болды. Сондай-ақ, келушілерге арнап гүл шоғын қалай орау керектігін үйрететін шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Биылғы маусымдағы басты жаңалық ашық аспан астындағы кинотеатр болды. Алматылықтар мен қала қонақтарына отандық киноленталар - «Он и Она», «Абайлаңыз, сиыр!» фильмдері ұсынылды. Бұлардан өзге Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын бітірушілердің қысқаметражды дипломдық жұмыстарының премьерлік көрсетілімі болды.

Қалада жыл сайын өтетін IV-ші «Алматы - Гүл қала» фестивалінің аумағы биыл үш есеге артқанын айта кеткен жөн. Мұндай шешім қабылдауға гүл фестивалінің мегаполис тұрғындары мен қонақтарының арасында кеңінен насихатталуы және оған қатысуға ниет білдіргендер мен келушілер қатарының арта түсуі негіз болған. Егер бұрындары гүл мерекесі ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтың кіре берісінде ғана өткізілсе, бүгін оның бүкіл аумағын қамтыды.

Түнгі сағат 22.00-де «Алматы - Гүл қала» фестивалі мерекелік отшашумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар