Алматыда фирма тонап, 5 млн. теңгені қолды еткен күдіктілер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда фирмаға қарақшылық шабуыл жасап, 5 млн. теңгені қолды еткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше түнде болған.

Үш белгісіз ер адам офиске басып кіріп, екі қызметкерді соққыға жыққан. Ағалы-інілі болып келетін шеберлерді қылмыскерлер байлап-матап, жуын бөлмесіне қамап кеткен.

Кейін 70 ұялы телефон мен 30 ноутбукты қолды еткен.

Сонымен қатар, қылмыскерлер сейфте жатқан 5 млн. теңгені де алып кетеді.

«Ұрланған заттардың ішінде жөндеуге қабылданған цифрлы техника бар. Шабуылдаушылар бейнежазба сақталған процессорды да алып кетуді ұмытпаған. Алайда, бір сағат өтпестен басты ұйымдастырушы Алматы облысының 20 жастағы тұрғыны, одан соң оның екі серіктесі ұсталды. Барлық ұрланған мүлік олар мінген көліктен табылды. Қазір ұрланған дүние заттық айғақ ретінде іс материалдарына тіркелді», - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатов.

Қазір аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК 192-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар