Алматыда фирма кеңсесінен ақша салынған сейф ұрланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық фирмалардың бірінен ұрылар ішінде 1,5 млн астам теңгесі бар сейфті ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер ұсталды. Олардың ұрлық жасау әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Кеңсеге кірудің бірінші әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл сәтті де бейнекамералар түсіріп алған. Басты іс-шара кезінде күдіктілердің бірі екінші қабатқа көтеріліп, пластик терезені ашқан және сол арқылы сейфті көшеге лақтырып жіберген. Төмен жақта екінші күтіп тұрған. Күдіктілердің олжасы бір жарым миллион теңгеден астам соманы құраған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдіктілер ұсталды. Олар 26 және 28 жастағы жігіттер», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Ұсталғандарға бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып тағылды.

Олар қамауға алынды.

Айта кетейік, бұрын екеуі де осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.



Соңғы жаңалықтар