Алматыда Фариза Оңғарсыноваға арналған естелік кітап жарық көрді

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық кітапханада ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған естелік кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапта Әбіш Кекілбаев, Әбділдә Тәжібаев бастаған жазушылар мен ақындардың естеліктерімен қоса, өзге де қаламгерлердің Фариза Оңғарсыноваға арнаған шығармалары топтастырылған. 

Қаламгер-журналист Мереке Құлкеновтың айтуынша, шығарманың ішінен байқалатыны,  әрбір жазған  адамның Фаризаға  деген ықыласы,  ниеті, махаббаты тұр. "Кітаптың ерекшелігі осында деп ойлаймын. Нарық заманындамыз кітаптың бағасын сатып алуды ұғынатын заман келді. Жаман үйреніп кеттік, кітаптың бәрін тегін тарата беруге. Ешкім көмектескен жоқ. Қордың, отбасының күшімен шығып отырған туынды. Кітап құтты болсын, бұл әркімнің үйінде тұруға лайық»,-деді ол.

Шараға ақынның замандастары мен жақын достары, бауырлары қатысты.

«Фариза  апайдың өз өлеңдерін шығарып жатырмыз, бірақ  мына естелік кітап деген бір ерекше болып тұр. Мұнда өзінің замандас адамдары, сіңлілері, інілерінің апай туралы мәліметтерін жинап, кітап ретінде  шығардық. Бұл кітаптың зор маңызы бар  деп ойлаймын, жастарға. Ары қарай да апайдың шығармашылығын таныта береміз, осы кітаппен аяқталмайды», - деді ақынның сіңлісі Алмагүл Оңғарсынова.

Келер жылы ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толады.  Алмагүл Оңғарсынова ақынның мерейтойына орай бірқатар шаралардың ұйымдастырылатынын атап өтті.

null null 

Арайлым Жолдасбай  

Соңғы жаңалықтар