+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда Евро-5 стандартындағы тағы 12 автобус жолға шықты

2018 жылғы 18 қаңтар 10:23
Бөлісіңіз:
Алматыда Евро-5 стандартындағы тағы 12 автобус жолға шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Евро-5 экологиялық санатындағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан жиі сынға ұшырайтын.

Бүгіннен бастап «Қазақфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы - алты минут. Төмен еденді, ұзындығы 9,5 метрлік автобустар видеобақылау камераларымен, кондиционерлермен, пандустармен және жайлылық үшін қажетті тағы басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша, бұл бағыттағы жолаушы легі 7-ден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде.
null

Бұған дейін Алматыда №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шыққан еді. Сондай-ақ №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылды. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді жолаушылар көлігімен толық қамту үшін қосымша 10 бағыт ашылды.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған еді. Олардың 230-ы жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT