Алматыда Евгений Тюкачевтің қорғаушысы дәлелдерге өзгеріс енгізілгенін мәлім етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өзін-өзі жарып жіберген мүгедек Роман Поздняковтың танысы Евгений Тюкачевке қатысты сот процесі жалғасуда.

Оның қорғаушысы Андрей Петров бүгін судьяға өтінішін жеткізді. Адвокат дәлелдерге өзгеріс енгізілуіне байланысты оларды қаперге алуға болмайды деп санайды. Сотталушының қорғаушысы судьяға құжаттардың сот-техникалық тұрғыдан зерттелуін сұрап өтініш айтты. Атап айтқанда, куәгерлер мен жапа шегушілерден жауап алу хаттамасында уақыты мен күні өзгертілген. Сондай-ақ тергеу тобын құру қаулысына Бостандық ауданының ІІБ анықтау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Р.Тұрсыновтың қолы қойылмаған. Сонымен қатар қорғаушы Е.Тюкачевтың үстінде термокиім болмағанын айтады. Бұл жайлы ұсталу кезінде жүргізілген тінту хаттамасында анық баяндалған. Қорғаушының аталған өтінішін қабылдау болмаса қанағаттандырмау туралы шешімін судья А.Шәмшиев ертең хабарлайтын болды. Сотталушы Евгений Тюкачев ҚР ҚК 251-бабы («Қаруды, оқ дәрілерді, жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша айыпталып отыр. Тергеу материалдарына сәйкес, ол жарылғыш затты зират маңайынан тауып алып, мүгедек Роман Поздняковқа берген.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 19 мамырда Орбита-4 шағын ауданында орын алған болатын. №6 үйде болған жарылыстан 27 жастағы мүгедек жігіт Роман Поздняков қаза болды.

Соңғы жаңалықтар