Алматыда этномәдени бірлестіктер «Наурыз мейрамын» атап өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Достық үйінде этномәдени бірлестіктер «Наурыз мейрамын» атап өтті. Бүгінгі мереке Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналды.

«Наурыз құтты болсын. Наурыз мерекесі - Қазақстан халқын одан әрі біріктіретін ерекше мейрам. «Қоғамдық келісім» қорына Наурызды ерекше тойлауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз», - деді ҚХА төрағасының орынбасары Ни Любовь.
Келушілерге арнап этномәдени бірлестіктердің өкілдері ән айтып, би биледі. Мәдени шара барысында әр этномәдени бірлестік өзінің ұлттық дастарханынан дәм татуға шақырды. Атап айтқанда, кәріс, әзірбайжан, ауған, беларусь, қазақ, ұйғыр этностарының тағамдары ұсынылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ жерінде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың ұлттық тағам түрлерімен танысу келушілердің өзге ұлттарға деген құрметін арттырып, ұлтаралық достастықты нығайтпақ.
Шара соңында, келушілер Наурыз көжеден дәм татып, өзге ұлт өкілдерінің бірлік әнұранын тыңдады.
10 9 8 7 6 5 4 3 2 1

Соңғы жаңалықтар