Алматыда «Ескі баспана» бағдарламасы жалғасатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2012 жылдан бастап жүзеге асып келе жатқан «Ескі баспана» бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Қала әкімдігі бұл бағдарламаның жүзеге асу уақытын ұзартуға ниетті. Бұл туралы ол бүгін бағдарлама бойынша Әуезов ауданының 160 тұрғынына жаңа пәтер кілттерін табыстау салтанатында мәлім етті.

«Аудандық әкімдіктің басшылары да бізге ұсыныс тастауда. Олар өздеріндегі тұрғын үй қорын жаңғыртуға шамасы жетпей жатқан соң, бізге тұтас кварталдарды ұсынуда. Осыған сүйене отырып, бұл бағдарламаны кеңейтіп, 2015 жылдан кейін де жалғастыруды ұйғарып отырмыз», - деді «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Мазан Серғазин.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында үш жылда 55 үй сүріліп, 57 жаңа үй салынады. Жалпы қала бойынша сүрілуі тиіс ескі үйлердің саны 700-ді құрап отыр. Олардың 500-і Түрксіб ауданында орналасқан.

Бағдарлама бюджеті 24 млрд 800 млн теңгені құрап отыр. Оның 4 млрд-ы ескі үй тұрғындарын жаңа үйге көшіруге бағытталса, қалғаны босаған аймақтарда жаңа үй салуға жұмсалады.

Ең көп үй Түрксіб ауданы бойынша пайдалануға берілген. Мұнда 19 жаңа үй бой көтерді.

Соңғы жаңалықтар