Алматыда есірткімен ұсталған Madmen тобының мүшелері 15 жылға сотталуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұсталған есірткі сатушылар арасында танымал Q-pop орындаушылары – Madmen тобының мүшелері болғаны белгілі. Егер олардың қылмысы дәлелденсе 15 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір оларға қатысты қамауға алу шарасы қабылданды. Іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау және сату) қаралып жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, онда олар мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады»,-деп түсіндірді полиция.

Бұған дейін, Алматыда синтетикалық есірткіні дайындап, сатты деген күдікпен ұсталған 10 адамның 2-еуі аталған шығармашылық топқа қатысы бар екені туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар