Алматыда есірткімен күресушілердің сенім телефонына 250 хабарлама түскен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматының есірткі қылмысымен күресушілерінің сенім телефонына 250-ге жуық хабарлама түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 56 сыртқы жарнамалық таблоид – билбордтар шығарылды. Олар адамдар көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ, 79 LED экранда орналастырылған.

«Ақпараттық көрнекі тақталарда 8-705-549-70-25 «сенім» телефоны көрсетілген. Жыл басынан бері азаматтардан есірткіні тарату туралы ақпаратты қамтитын граффити сызбаларын қолдану фактілері туралы 216 ақпарат түсті. Жазудың барлығы өшірілді. Сонымен қатар, «Қазақстан еріктілер лигасы» қоғамдық бірлестігінің атсалысуымен ішкі істер органдарының жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында «Алматы есірткі трафаретінсіз» науқаны өткізіліп жатқанын атап өткен жөн. Трафаретпен боялған жазулардың орнына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабының нормаларын түсіндіретін ақпараттық парақтар орналастырылған. Жыл басынан бері қала аумағында есірткі заты бар 361 граффити-сызба табылды және үстінен боялды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Есірткіге қатысты қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, бұған дейін Бостандық ауданында граффити-суреттерін салғаны үшін ұсталған ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылған.


Соңғы жаңалықтар