Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізушісі 30 жастағы әйелді қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Субару» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, бір қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сенсек, апат Сейфуллин мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында болған.

«Бүгін түскі сағат 12:50 шамасында, есірткіге масайған «Субару» көлігінің жүргізушісі Сейфуллин мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1991 жылы туған Т. есімді азаматша № 4 ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеуді Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізеді»,-деп хабарлады полициядан.




Соңғы жаңалықтар