Алматыда есірткіге қарсы күрес жүргізілуде - ФОТО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы жастары есірткіге қарсы акция ұйымдастырды.

Жүздеген жастар Алматыдағы Президент саябағының алдында бірнеше спорт түрлерінен сайысқа түсіп, өздерінің салуатты өмір салтын қолдайтындарын жеткізді. Дүйім жұрт алдында иісшіл иттер мен кинологтар есірткі жасырған «қауіпті қылмыскерді» зарарсыздандырды. Дүниежүзілік есірткі бизнесіне қарсы күрес күні қарсаңында есірткіге қарсы акция Алматы қаласында 1 ай бойы жалғасты. Профилактикалық шараларды қала әкімдігі, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, Алматы наркологиялық орталығы, «Нұр Отан» партиясы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры өткізді. «Мемлекеттік есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясы елдегі қоғамдық антиесірткілік иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатқа жету үшін құқық қорғау органдары осындай кешенді шараларды өткізеді. Қоғамның есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруда жастардың нық позициясы да үлкен рөл ойнайды. Неғұрлым осындай шараларда жастар көп қатысқан сайын соғұрлым есірткінің кеңінен тарауына ықпал ететін әлеуметтік база тарылады», - қалалық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Азамат Садыров.

Соңғы жаңалықтар