+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Алматыда есірткіге еліткен автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған

2019 жылғы 17 қазан 21:45
Бөлісіңіз:
Алматыда есірткіге еліткен автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жыл соңына дейін қоғамдық көліктер жаңартылады Елордада автобус адамды сүйреп кеткен: Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу басталды Алматыда қоғамдық көлік қысқа қаншалықты дайын

Бүгін Өтемісұлы көшесіндегі «Шаңырақ» шағын ауданында 103-ші бағыттағы автобус жүргізушісі қолға түсті.

«С. есімді 1976 жылы туған автобус жүргізушісі құжаттарын тексеру барысында өзін дұрыс ұстап тұра алмаған. Инспекторлар оны медициналық куәландырудан өткізуге шешім қабылдады. Сот-есіртке сараптамасының қорытындысына сәйкес, С. есімді азамат каннабиноидтарды қабылдағаны анықталды. Жүргізушінің өзі оны жоққа шығармайды. Ол бірнеше күн бұрын марихуана шеккенін айтты. Бұл жерде автопарктің әкімшілігі есірткіге масайған адамды жолаушыларды тасымалдауға қалай жіберген деген сұрақ туындайды. Себебі бұл жүздеген жолаушы мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін үлкен қауіп», - деді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Сондай-ақ, Н. Аманбек жүргізушінің автобусты жүргізуден шеттетілгенін айтты. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Істің материалдары жақын күндері шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберіледі.

Автор: Данияр Дәуітәлиев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT