Алматыда есірткі шегіп рейске шыққан ұшқышқа қарсы сот процесі басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб аудандық сотында есірткі шегіп рейске шыққан ұшқыш Роман Быковқа қарсы сот процесі басталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы Роман Быков ҚР 286-бабының 1-бөлімімен, 296-бабының 2-бөлімімен, 358-бабының 1-бөлімімен қарастырылған қылмыстық әрекеті үшін айыпталып отыр.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, 2016 жылдың ақпанында сотталушы белгісіз адамнан кептірілген марихуана сатып алған.
1 наурызда кедендік бақылаудан өткен соң «Алматы-Мәскеу» бағытындағы рейсті басқаруға отырған.
Ұшу барысында кептірілген есірткіні өзімен бірге тасымалдап алып келген.
2 наурызда есірткіге мас күйде Алматы әуежайын келіп қонған.
Рейс келген соң Алматы қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің өкілдері әуежайда ұшқышты ұстады.
Жүргізілген медициналық сараптама оның қанында есірткі затының барын анықтаған.
Соттың келесі отырысы 25 сәуірге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар