Алматыда есірткі сатумен айналысқан нашақор келіншек 13 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ірі көлемде есірткі сақтап, сатып келген нашақор келіншек сотталды. Гөзал Отарова 13 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, Отарова Гөзалдың үйінен полицейлер 5 келіге жуық героин тапқан. Келіншектің айтуынша, ол есірткі затын сату мақсатында сақтаған. Сондай-ақ, келіншек қоғамдық орындарда героин пайдаланғаны үшін де айыпталды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Отарова ҚР ҚК 296-бабының 1-тармағы, 297-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды.

Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сондай-ақ, сот мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар