Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін Алматыдағы есірткі қылмысымен күресушілер мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде мегаполис аумағында «гашиш «есірткісін сатумен және таратумен айналысқан қылмыстық топты әшкерлеген.

«ҚР ҚК-нің 297-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында А.есімді азаматтың заңсыз Алматы қаласының аумағында есірткі заттарын сату және сақтау мақсатында Алматы қаласының аумағында ұйымдасқан топ құрып, оған жетекшілік еткендігі анықталды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабы 1 және 2-бөлігі – қылмыстық ұйымның ұйымдасқан тобын құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу бойынша да қылмыстық істер тіркелді. Тексеру нәтижиесінде ұсталғандардан бір травматикалық тапанша, бір тегіс ұңғылы мылтық және оларға арналған оқ-дәрі, сонымен қатар, жалпы салмағы 4келі 868,38гр есірткі заты «гашиш» тәркіленді», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Ұсталған адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 262 бабы 1,2 бөлігі, 297-бабы 4-бөлігі, 287-бабы 2-бөлігі, 302-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

« 2020 жылдың 30 желтоқсанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен барлық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері өздеріне қатысты әрекеттер үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық топтың басшысы, А.азаматқа 17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, қылмыстық топтың қалған төрт мүшесі 16 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.


Соңғы жаңалықтар