Алматыда есірткі сатқан 75 жастағы әже сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 75 жастағы алматылық кейуана есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды «Қазақпарат»ХАА тілшісі Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағы бойынша (есірткі заттарының заңсыз айналымы) қылмыс жасаған А-ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Сот 2016 жылы 31 шілдеде А. С-ға жалпы салмағы 0,23 грамм ірі мөлшерде «героин» есірткісін 4 000 теңгеге заңсыз сатқаны анықтады», - делінген хабарламада.   Бұдан басқа, 2016 жылғы 2 тамызда А-ның үйінде куәгерлердің қатысуымен жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 4,21 грамм аса ірі мөлшерде аталған есірткі құралы табылып, тәркіленді.

Сот үкімімен А. ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабының 3 бөлігі 3 тармағында  көзделген қылмысты жасады деп танылды және оған мүлкін тәркілеу және қатаң режімдегі түзеу колониясында жазасын өтеу үшін  13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 14 бабының 2 бөлігі 2 тармағы негізінде А. әрекетінен қылмыстың қауіпті белгілері танылды. Үкім күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар