Алматыда есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласының полицейлері есірткі саудасына қатысы бар 247 сайтты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары мен интернетті мониторингілеу барысында есірткі және психотроптық заттарды таратуға қатысы бар 247 сайтты анықтап, бұғаттауға ықпал етті. Сонымен қатар, өткен жылы синтетикалық есірткі шығаратын 5 зертхана анықталып, жойылды. Есірткіні тікелей байланыссыз сатумен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың (5 күдікті) әрекетінің жолы кесілді. Жалпы, есірткінің заңсыз айналымына қатысты 400-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды және ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.


Соңғы жаңалықтар