Алматыда Есентай саябағының маңында ер адамның мүрдесі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Есентай саябағы маңында асылып қалған ер адамның мүрдесі табылды. Аталған дерекке қатысты қалалық ІІД баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Баспасөз хатшысы Салтанат Əзірбектің айтуынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оның кім екендігі əлі анықталған жоқ. Оның əскери немесе басқа адам болғанын айта алмаймыз»,- деді С.Əзірбек.

Айта кетейік, бірқатар ақпарат құралдары ер адамның əскери қызметші екендігін хабарлаған болатын. Əскери қызметші 18 қыркүйекте жоқ болып кеткен. Оның қайда екендігі əлі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар