Алматыда Есентай өзенінің арнасы тазалануда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Есентай өзенін лайдан тазарту жұмыстары жалғасуда. Оған 22 техника мен 35 құтқарушы жұмылдырылды.

Қалалық құтқару қызметі хабарлағандай, қазір Жетісу ауданында өзен жағалауындағы бұталар оталып, арналар тереңдетіліп жатыр. Сондай-ақ, өзен түбінен бірнеше тонна лай мен қоқыс шығарылды.

Бұл шаралар көктемгі қар еруі кезінде өзеннің су өткізу қабілетін арттыру үшін жоспарлы түрде жасалып жатыр.

Қазір құтқару қызметінің 22 техникасы мен 35 құтқарушысы Райымбек пен Ангарская көшесіндегі өзен бойын тазалап жатыр.

Келесі аптада осындай шаралар Түрксіб ауданында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар