Алматыда «Есентай Молл» ОСО өрт шықты: 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді (ФОТО/ВИДЕО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Есентай Молл" ойын-сауық орталығында өрт шықты. 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама 15:48-де түскен. Қазір өрт сөндірушілер бригадасы Бостандық ауданы әл-Фараби даңғылы, 77/8 мекенжайы бойынша аттанды. Алдынала хабарлама бойынша, ғимараттың сыртқы қаптамасы өртке оранған.

Оқиға орнынан 600 адам, оның ішінде 180 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 16:30-да сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар