Алматыда Esentai Mall-дан адамдар эвакуациялануда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының жедел әрекет ету қызметтері Esentai Mall сауда орталығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қаланың жедел қызметтерінің қызметкерлері Есентай сауда орталығында тексеріс жүргізуде. Ол жерге бомба қойылғаны туралы хабар келген. Ең алдымен орталық жұмысшылары мен келушілер эвакуацияланды. Бұған дейін Алматының Медеу ауданында орналасқан қонақүй кешені мен пиццерия желісінде осындай шаралар жүргізілген болатын», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Алматы полиция департаменті барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды түсіністікпен қарауға, қажет болғанда, арнайы қызметтер өкілдеріне көмектесуге шақыруда. 

Соңғы жаңалықтар