Алматыда ертең жол қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ертең Алматыда Төле би көшесінің Абылай хан көшесімен қиылысатын тұсынан Панфилов көшесімен қиылысына дейін сағат 16:00-ден 23:00-ге дейін жол жабық болады. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана алаңында Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күніне байланысты мерекелік концерт ұйымдастырылады. Алматылықтар алдында «Орда», «Арнау», "FM", "Mysterions", Айқын Төлепберген, Ерболат Құдайбергеновтер өнер көрсетпек.

Салтанатты шара кешкі сағат 19:00-де қала басшысы Ахметжан Есімовтың құттықтау сөзімен ашылады.

Соңғы жаңалықтар