Алматыда ертең ескерту дабылы қағылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ертең «Қоныс-2017» акциясы аясында ескерту дабылы қағылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл табиғат апаты болған жағдайда қала халқын хабарландыру және қауіпсіз жерге көшіруге басқару органдарын, азаматтық қорғаныс өкілдіктерін жұмылдыру мақсатында жүргізіліп отыр.

Практикалық іс-шара Бостандық ауданындағы №93 мектепте өтеді.

Мектеп ішінде эвакуациялық пункт ашылып, қалалық ТЖД жылжымалы нүктесі орналасады. Мұнда көшірілген халықты тіркеу, Алматы облысының қауіпсіз жерлеріне жіберу шаралары өткізіледі.

Сонымен қатар, Алматы-2 темір жол вокзалында Департамент қызметкерлері жиналған халықты Жамбыл, Қарағанды облысына жібереді.

Айта кету керек, былтырдан бері Алматыда әр айдың алғашқы бейсенбісінде 12:55-те төтенше жағдайлар туралы дайындық дабылы қағылады. Бұл дабыл жүйелерінің жұмысын тексеруге бағытталған.

Осы уақыт аралығында радио толқыны мен телеарналардың экранынан эфир үзіліп, дабыл жүйелерінің жұмысын тексеру туралы хабарлама таратылады.

Соңғы жаңалықтар