Алматыда ерлер мен қыздар арасында футбол лигасы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 19-26 тамыз күндері студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай, «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында футболдан қыздар және ұлдар аула командалары арасында лига өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ақпараттық және спорттық ХАБ-қа сілтеме жасап. 

Жарыс Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионында олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді.  

Ұлдар мен қыздар арасында өткен ойынға 800-ден астам адам қатысты. Оның ішінде 40 қыз бақ сынады. Арасында әлем чемпионатында өнер көрсететіндер де бар.    

«Ұйымдастырушыларға осындай турнир үшін көп рахмет. Қазір қыздар футболына аз көңіл бөлінуде. Сондықтан бұл келе жатқан әлем чемпионатына жақсы дайныдық. Жақында Қырғызстанға жиынға бардық. Командамыздың құрамына іріктеу жүргізілуде. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймыз. Мен өзім футбол ойнағаныма көп болды. Қазақстан чемпионатына жиі қатысамын. Осындай әлемдік додада өнер көрсету - мен үшін үлкен мәртебе», - дейді аула лигасына қатысушы және футзалдан ұлттық құраманың капитаны Рамина Мамедова.  

Турнир нәтижесінде қыздар командалары арасында бірінші орынға ҚазСТА студенттері ие болды. Ал, екінші және үшінші орынды «Легион» мен «Космос» жеңіп алды.  

Ұлдар арасында бірінші «А» лигасына - 8-ден 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысып, «Қайрат» клубы чемпион атанды. «Девил оф хел» мен «Бөкейxанов» ойыншылары күміс пен қоланы қанағат тұтты.    

Ал, екінші «Б» лигасына - 15 жастан жоғары үміткерлер қатысты. Бұл жерде «Олимп», «Легион» және «Тастақ» ұжымдары жүлделі орындарды өзара бөлісті.    

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталды. 

 

Соңғы жаңалықтар