Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Lider.kz волонтерлер қозғалысының жетекшісі Дильмира Блац айтты.

«Біз із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы 106 өтінш қабылдадық. Оның 48-і табылды. Қазір біз адамдарды іздестіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқан жоқпыз. Тек егде жастағылар мен балаларды табуға көмектесіп жатырмыз. Еріктілер бірінші кезекте аурухана, полиция, мәйітханаға хабарласып, жоғалған адам туралы ақпаратты нақтылайды. Ол жақтан табылмаған жағдайда ғана аты-жөні, фотосы көрсетілген парақшаларды көшелерге іледі. Айта кететін жәйт, жоғалған адамдардың басым бөлігі қамауда»,-дейді Дильмира Блац.

Сонымен қатар, ол бірінші қаңтар күні жоғалып кеткен 13 жастағы жасөсіпірімді тапқандарын айтты.

«Осыдан екі күн бұрын біздің қыз-жігіттер бірінші қаңтар күні жоғалып кеткен 13 жастағы баланы тапты. Жасөсіпірім аман-есен. Ол осы уақытқа дейін әуежай аймағында қаңғыбастыққа салынып жүрген»,- дейді ол.

Сондай – ақ бүгін Lider.kz волонтерлері қан тапсырып, өртеніп кеткен әкімдік ғимаратын тазалауға атсалысуда.

Бүған дейін 150 алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын тазалауға көмектесіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар