USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты

2022 жылғы 15 қаңтар 14:26
Бөлісіңіз:
Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда еріктілер жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Lider.kz волонтерлер қозғалысының жетекшісі Дильмира Блац айтты.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Қарин: Полиция, әкімшілік ғимараттарына, әлеуметтік нысандарға шабуылдау –  экстремизмнің белгісі Лаңкестерге қарсы операция режимі бірқатар өңірде сақталады – Мемлекеттік хатшы 20 желтоқсанда ел аумағына бір мезетте шетелдік азаматтар тобының келгені анықталды – Ерлан Қарин

«Біз із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы 106 өтінш қабылдадық. Оның 48-і табылды. Қазір біз адамдарды іздестіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқан жоқпыз. Тек егде жастағылар мен балаларды табуға көмектесіп жатырмыз. Еріктілер бірінші кезекте аурухана, полиция, мәйітханаға хабарласып, жоғалған адам туралы ақпаратты нақтылайды. Ол жақтан табылмаған жағдайда ғана аты-жөні, фотосы көрсетілген парақшаларды көшелерге іледі. Айта кететін жәйт, жоғалған адамдардың басым бөлігі қамауда»,-дейді Дильмира Блац.

Сонымен қатар, ол бірінші қаңтар күні жоғалып кеткен 13 жастағы жасөсіпірімді тапқандарын айтты.

«Осыдан екі күн бұрын біздің қыз-жігіттер бірінші қаңтар күні жоғалып кеткен 13 жастағы баланы тапты. Жасөсіпірім аман-есен. Ол осы уақытқа дейін әуежай аймағында қаңғыбастыққа салынып жүрген»,- дейді ол.

Сондай – ақ бүгін Lider.kz волонтерлері қан тапсырып, өртеніп кеткен әкімдік ғимаратын тазалауға атсалысуда.

Бүған дейін 150 алматылық волонтерлер өртенген әкімдік ғимаратын тазалауға көмектесіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT