Алматыда еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік себетін үлестіріп жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық еріктілер қаланың мұқтаж тұрғындарына қажетті азық-түлік себетін тегін жеткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

« Бүгін Алатау ауданының 600 тұрғыны азық-түлік себетін алады. Бізге мұқтаж жандардың тізімін әкімдік берді. Сөмкелерді толтыру қазір Алатау әкімдігінің ғимаратында жүргізілуде. Бұл жұмысқа әр түрлі ұйымдардан 60 волонтер жұмылдырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлер, қамқор азаматтар және көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы да қолдау көрсетуде, - дейді HAQ қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева.

Азық-түлік себетіне: күнбағыс майы, кеспе, күріш, ұн, жеміс- жидек, көкөністер – картоп, сәбіз, алма кіреді.

Айта кетейік, бүгін алматылық 150-ден астам ерікті өрттен кейін қала әкімдігінің ғимаратын тазалауға көмектесті.

Сондай-ақ олар жаппай тәртіпсіздік кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 48 адамды тапты.


Соңғы жаңалықтар