Алматыда ерекше жағдайды қажет ететін адамдар үшін кинозал ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан бойынша алғаш рет аутизмі бар адамдарға ыңғайланған кинозал ашылды. Кинозалда Disney-дің «Моана» анимациялық фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш жобаны Disney компаниясы Ресей мен ТМД көлемінде Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісімен бірлесіп, «Болашақ» корпоративтік қорының қолдауымен ж.зеге асырды. Кинотетарда көрсетілетін фильмдердің барлығы қабылдау мүмкіндігі ерекше адамдарға бейімделген. Жобаның мақсаты мүмкіндігі ерекше жандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу.

«Кинофильмдердің барлығы аутизмі бар адамдарға бейімделген. Басқаша айтқанда көрсетілетін туындыларда дыбыс тұншықтырылып, жарқын түстер де әлсіз етіп беріледі. Зал қараңғы болып тұрады. Сеанс жүріп жатқанда залдың есіктері жабылмайды және онда арнайы сенсорлық құрылғылар орнатылады»,-дейді «Болашақ» корпоративті қорының директоры Динара Шәйжүнісова.

Сонымен қатар көрермендер мұнда емін-еркін сыртқа шығып, арнайы жұмсақ орындықтарда демала алады. Бұған қоса оларға фильмді осы демалыс аумағынан да тамашалау мүмкіндігі жасалған. Кинотеатр қызметкерлері қабылдау мүмкіндігі ерекше адамдармен қарым-қатынасты біледі. «Болашақ» корпоративті қоры қайырымдылық қаржысына Қазақстанның 9 қаласында 20 инклюзивті қолдау кабинеттерін ашып, денсаулық сақтау мен білім беру саласы бойынша 800 маманды дайындап үлгерді. Сондай-ақ жыл басынан бері қор тарапынан 4 бейімделген көрсетілім ұйымдастырылды.

Chaplin Cinemas кинотетарлар желісінің бас директоры Бақытжан Мұсатаевтың сөзінше, кинотеатрлар желісі өзінің кинозалдарында ерекше жағдайды қажет ететін балалар мен өзге де балалардың басын біріктіруді көздейді.

«Біз бүгін Disney компаниясымен бірігіп, осы бағыттағы алғашқы қадамдарымызды жасап отырғанымызға қаунаштымыз»,-деді Б.Мұсатаев.

Соңғы жаңалықтар