Алматыда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған бассейн салынады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ауданы 23 мың шаршы метр спорттық-сауықтыру кешені «Атакент» аумағының саябақ бөлігімен шекарада орналасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының мәліметінше, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған бассейн «Дельфин» кешенін қайта құру жобасы аясында іске қосылады.

«Спорт кешенінде ені 21 метр және ұзындығы 25 метр болатын екі әмбебап бассейн пайда болады. Бассейндердің 1,4 метрден 2 метрге дейін жететін жобалық тереңдігі спортшыларға, әуесқойлар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жүзу бағдарламаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бассейндер судағы жаттығу процесін барынша жеңілдететін көтергіштермен, тұтқалармен және техникалық құрылғылармен жабдықталады. Біз ерекше балаларға көмектесуге қуаныштымыз, спорт кешеніндегі білікті жаттықтырушылармен өткізілетін жаттығулар олардың физикалық дамуына оң әсерін тигізеді және әлеуметтік тұрғыдан тез бейімделуіне көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті жоба істерінің жетекшісі Азат Жиенбаев.

Айта кетейік, кеше шаһар әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Жетісу ауданының тұрғыны әрбір спорт кешені ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдауға дайын емес екенін айтқан еді.

«Алматы қаласының спорт басқармасының мәліметінше, шаһарда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға толықтай немесе ішінара бейімделген 20-дан астам спорт нысаны бар. Бірақ келушілердің осы санаттағы өкілдері үшін арнайы жабдықтармен жабдықталған бассейндер жетіспейді. 2024 жылдың ортасына қарай аяқталуы тиіс «Дельфин» спорт кешенін қайта құру аясында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту кабинетін ашу да жоспарда, онда олар мамандардан кеңес алады»,- деді Азат Жиенбаев.



Соңғы жаңалықтар