Алматыда ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шара өтті.

«Біздің орталық ерекше балаларды қоғамға бейімдейді. Кешенді көмек көпсалалы әсер ету шеңберінде ұйымдастырылған, яғни мамандар әр баламен жеке-жеке жұмыс істейді.Сондай-ақ орталықта түрлі іс шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Балалардың көңіл күйін көтеру үшін жиі-жиі мерекелік кештер өткіземіз. Наурыз мейрамы да назардан тыс қалмайды. Бүгін балаларға театрландырылған қойылым көрсеттік. Осылайша, біз балаларға мерекелік көңіл күй сыйладық»,- дейді «Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ләзззат Закірбаева.

Шара барысында келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, басты тағам - Наурыз көже ұсынылды. Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдері мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға азық-түлік салынған сөмке таратты.

«Парасат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық патологиясы бар 300 мүгедек бала арналған. Мұнда мектепке және балабақшаға бара алмайтын балалар келеді.




Соңғы жаңалықтар