+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды

2019 жылғы 16 сәуір 16:08
Бөлісіңіз:
Алматыда ер адамның қолындағы белгісіз зат жарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 33 жастағы ер адам жарылғыш заттан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала белгілі болғандай, 33 жастағы жігіт таңғы 7:21-де ауруханаға жеткізілді.

Түскен кезде оған қосарланған жарақат, бас сүйегі мен миы шайқалған деген диагноз қойылды.

«Жарылыс салдарынан оның оң қолы мен сүйектері жарақаттанған. Басы мен кеудесін, мойнын 2-3 дәрежелі күйік шалып, 2-дәрежелі шок алған. Денесінің 10 пайызын күйік шалған», - деді №4 қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Дәрігерлер пациенттің қолына шұғыл түрде ота жасалғандығын жеткізді.

«Қазір пациенттің жағдайы ауыр. Қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Шокқа қарсы терапия жүргізілуде», - деді Д.Түсіпов.

Полция оқыс оқиға туралы кейін ақпарат беретіндігін хабарлады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT