Алматыда ер адамның асқазанынан 25 сантиметр арматура алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адамның асқазанында 2,5 жылдай арматура болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол ауруханаға таяуда ғана жүгінген. Жедел жәрдем дәрігерлері үшін денедегі бөтен затты шығару күрделі операция емес. 54 минут ішінде операциялық бригада отаны сәтті жасап шықты.

«Бүгін пациент ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Пациенттің айтуынша, екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөзі расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты алып тастау операциясы жасалынды. Операция сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды», - деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.

Дәрігерлер 2 жылдан астам уақыт бойы асқазандағы темір адамға қолайсыздық тудырмағанына таңғалып отыр.

Себебі темір асқазанның қабырғасына зақым келтірмеген. Перфорация және қысым жаралары мұндай жағдайда жиі кездеседі. Перфорация - бұл бөтен дененің асқазан - он екі елі ішектің құрамына еніп, бос іш қуысына енуін айтады.

Операцияны хирург Темірхан Қожахметов пен ассистент Бағлан Мұқашев жасады. Анестезиологтар Дамир Кисебаев және Светлана Уставицкая, операциялық мейірбике Оксана Язовская, санитар Мәдина Камалова қолғасбыс жасады.


Соңғы жаңалықтар