Алматыда ер адамнан 500 данадан астам «экстази» тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда контрабандалық жолмен Еуропадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 тамыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ҚР азаматы ұсталды. Оған Еуропадан пошта арқылы есірткі заттары жеткізілген. Тексеру кезінде 500-ден астам дана «экстази» дәрілері, яғни психотроптық заттар табылды. Контрабандалық жолмен жеткізілген есірткі заттары тәркіленді», - делінген ҚР Қаржы министрлігі ҚМК экономикалық тергеу қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Тергеу департаменті ҚР ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігіне сәйкес (тәркіленген заттарды немесе таралымы шектеулі заттарды контрабанда) күдікті сот қаулысымен екі айға қамауға алынды.

Оған мүлкін тәркілеу және 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар