Алматыда ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртемек болған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Медеу ауданының өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерi өз-өзiне қол салмақ болған жiгiттi аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 желтоқсанда «112» пультiне «102» жедел қызметiнен «Шымбұлақ көшесi, 10» мекенжайында 1983 жылы туған ер адамның өзiне және көлiгiне бензин құйып, өртеймін деп қоқан-лоқы көрсетiп жатқандығы туралы хабарлама келiп түстi.
«№5 мамандандырылған өрт сөндipу бөлiмiнiң өрт сөндipушiлерi көліктің дабылын қоспай оқиға орнына келгенде, Медеу аудандық Полиция басқармасының жергiлiктi полиция қызметiнiң қызметкерлерi өзiне қол салмақ болған aдаммен келiccөз жүргiзiп жатты. Кезекшi қарауыл бөлiмшесi жедел түрде өрт оқпандарын жiберуге ыңғайланды. Полиция қызметкерлерiнiң берген командасынан кейiн, өрт сөндipушiлер өзiн өртемек болған азаматқа су шашып, құтқарып қалды»,– деп хабарлады қалалық Төтенше жағдай департаментінен.
Медей аудандық полиция басқармасы өкілінің айтуынша, жедел әрекеттің арқасында адам өліміне жол берілген жоқ.
«Оқиға орнына келгенiмiзде, ер адам күйзелic жағдайында болды, киiмдерiне бензин құйып, қолындағы от тұтатқышпен өзiн өртеуге әрекет жасап жатты. Әрiптестермен бipге аталған азаматпен әңгiме жүргiзiп, уақытты барынша созуға тырыстық. Тез арада келiп жеткен құтқарушыларды өз өзін өлтірмек болған тұрғынның көрiп қалмауы үшiн бар күш-жiгерiмiздi салдық», - деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай.
- Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
- Аязда көлігі сынып, бір шақырымдай жаяу жүрген жүргізуші құтқарылды - ШҚО
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
-
Алматы кәсіпкерлері 25 қаңтарға дейін қызметкерлерін МӘМС жүйесінде сақтандыруы тиіс
-
Петропавлда үш аялдаманы қиратқандар шығынды өз қалталарынан өтейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам