Алматыда ер адам құзға құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шымбұлақ шатқалында 29 жастағы ер адам жарқабақтан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен жігіттің аяғы сынған. Ол тез арада жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

«Жедел медициналық көмек стансасының диспетчерінен құтқарушылардың көмегі керек деген хабар түскен. Құзға құлаған еркек «103»-ке өзі қоңырау шалған. Дәрігерлердің айтуынша, ол жартастан құлап түскен соң, өз бетімен жоғарыға шыға алмаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар оны өзенге жақын маңдағы құздан тапқан. Жігіт жоғарыдан құлаған кезде денесін ауыртып, жарақаттап алған»,- деді Алматы қалалық құтқару қызметіндегілер.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматты оқиға орнында бірден тексеріп, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдаған. 



Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар