Алматыда ер адам көлік астына түсіп мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматыда ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қайғылы оқиға Құлжа тас жолында болған.

Ер адам  тас жолды тыйым салынған жерден кесіп өтпек  болған.  Сол сəтте  қалаға қарай зулап келе жатқан  Ауди көлігі тежегішті басып үлгермей, оны қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан  сол жерде жан тапсырды.

Оқиғаның мəн-жайын полиция тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар