Алматыда ер адам көлік астына түсіп, мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Розыбакиев-Райымбек көшелерінің қиылысында болды. Ер адам жолды белгіленбеген жерден өтпек болған.

Батысқа бағыт алған Volkswagen көпір астынан шығып келе жатқанда алдынан кенеттен адам жүгіріп шыққан. Жүргізуші тежегішті дер кезінде басып үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жас шамасы 35-40-тағы ер адам алған жарақаттары салдарынан сол жерде көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтауда.


Соңғы жаңалықтар